Түркістандық оқушыларға қаржы пирамидалар жайлы айтылды
Түркістан қаласы №11 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебінде Түркістан қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және қалалық полиция басқармасы қызметкерлері «Қаржы пирамидасына қарсы күрес» тақырыбы бойынша кезекті кездесуілерін өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары қатыстып, қоғамдағы тәртіптің жай-күйі бойынша бейнероликтер көрсетіліп, мәліметтер берілді.
Қаржы пирамидасы – бұл азаматтардан заңсыз ақша тартып алудың ең белгілі әрі таралып кеткен әдісі. Таңғаларлық жайт, қаржы пирамидасына қосылу әдетте азаматтардың өз еркімен және құқықтық сүйемелдеусіз іске асады. Осылайша, ешкім салынған қаражаттың қайтарып берілуіне кепілдеме бермейді. Қаржы пирамидасын құру және оны басқаруға ҚР ҚК 217-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қаржы пирамидасының ең басты белгісі – уәделенген айтқысыз пайда, үстеме табыс. Жоғары табысты қамтамасыз ету уәдесі тек бір рет ұйымға тарту үшін орындалуы мүмкін, бірақ одан да көп қаражаттан айырып қалу қаупі өте жоғары.
Екінші белгісі: компания шынайы экономикалық немесе инвестициялық қызметпен айналыспайды. Пирамидалар тауарлық, несиелік, туристтік, құрылыс компаниялары ретінде жасырынады. Алайда, шындап келгенде ескі салымшыларға барлық төлемдер жаңа салымшылардың жарнасы есебінен төленеді.Үшінші белгісі: мұндай жобалардың материалдық-құқықтық базасы жоқ, яғни, бұл компаниялар жаңадан құрылған, қаржылық есептілікке ие емес, келісімдер жасамайды немесе келісімдер тек ұйымдастырушылардың пайдасын көздеп жасалған әрі ҚР заңнамасына сәйкес келмейді.
Қаржы пирамидасының белгiлерi қандай? Пирамидадағылар жаңа қатысушы тартқанда жоғары табыстылықты, кез келген жағдайда ақша кiрiстiлiгiн, мансаптық сатыда жылдам көтерiлу туралы уәде бередi. Таныс адамдар арқылы жарнама жасап, түрлi тренингтер жүргiзедi. Соңғы уақытта олар интернетте белсендi жұмыс iстеп жатыр. Өздерiнiң қаржылық пирамида екенiн бүркемелеудiң жаңа әдiстерiн де ойлап тапқан. Мысалы, олар өздерiн онлайн ойындар деп атайды, онда ағаш отырғызу және өсiру қажет немесе жануарларды сатып алу, оларды өсiру және кейiннен сату, өзара көмек кассасы, ақша тумбочкалары және тағы сол сияқты. Алайда, бiрiншi кезеңде нақты ақша сомасын салуды, ал, екiншi кезеңде жаңа қатысушыларды шақыруға құрылған әдiстердi ұсынады. Яғни, қаржылық пирамида жүйесiмен жұмыс iстейдi.
Қаржылық пирамидаға қарсы заң бар. 2014 жылдың 17 қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметiне қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң қабылданды. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрған және оның қызметiне басшылық жасаған адам қылмыстық жауапкершiлiкке тартылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 217-бабы бойынша мүлкi тәркiленiп, 3 жылдан 12 жылға дейiн бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, оның қызметiн жарнамалаған адамға әкiмшiлiк жаза да қарастырылған. Ол – жеке тұлғаға – 150, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 600 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi айыппұл. Қорытындылап айтқанда, халықтың мұндай пирамидаларға алданып қалуының басты себептерi қаржылық-кредиттiк заңнама саласындағы бiлiмнiң жеткiлiксiздiгi, ақшаны ұстау мәдениетiнiң төмендiгi, сондай-ақ азаматтардың ақша жинауы және инвестициялауынан болып табылады. Айта кетейiк, бүгiнгi таңда қаржылық пирамидалар заңсыз деп танылып, дүние жүзiнiң 39 елiнде тыйым салынған. ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетi халыққа абай болуды ескертедi.
Қаржы пирамидаларының классикалық схемалары
Қазіргі уақыттағы қаржы пирамидалары (инвестициялық пирамидалар) қатысушылардың табыс табуының жалғыз әдісін пайдаланып келеді, ол – пирамиданың жаңа мүшелерінің ақшалай қаражатын тарту. Табысқа қол жеткізудің мұндай қағидаты қаржы пирамидасы мен нақты қаржы жобасының арасындағы түбегейлі ерекшелікті көрсетеді. Пирамиданың алғашқы қатысушыларына дивидендтер кейінгі қатысушылардың салымдары есебінен төленеді. Әдетте барынша сендіру үшін пирамидалар жалған құжаттарды, күмәнді цифрлық есептер, диаграммалар мен схемаларды пайдаланады, сондай-ақ алдау немесе қомақты табыс табатыны туралы уәде беру арқылы жарнама ретінде қоғамда белгілі адамды тартады. Қазіргі уақытта алаяқтар мен қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың жетік білімі бар, олар ІТ-технологиялар бойынша білікті мамандар, адамдардың эмоцияларымен айла-шарғы жасай алатын жақсы психологтар мен сөзге шешен адамдар болып табылады. Бүгінгі күні қаржы пирамидаларын құруда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер маңызды рөл атқарады. Бірақ аталған компаниялардың қызметін желілік маркетингпен шатастырмау керек. Желілік маркетингте де тартылған адамдар үшін белгілі бір пайыздар төлейді, бірақ оның негізінде өнім болады, соны сатқаны үшін дистрибьютерлік желінің қатысушылары нақты табыс табады, ал қаржы пирамидасының негізін салымшылардың ақшасы құрайды.
Қазақстандағы қаржы пирамидаларының кеңінен тараған схемалары
Букмекерлік кеңселер арқылы қойылатын ставкалар: бұл белгілі бір оқиғалардың, көбінесе спорттық ойындардың нәтижелеріне, оның ішінде онлайн режимінде қойылатын ставкаларды қабылдайтын ұйымдар. Олар ойындардың аяқталу ықтималдығын бағалайды және әрбір ықтимал нәтижеге өз коэффициенттерін қояды. Бұл ұйымдардың қызметі «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңымен реттеледі. Заманауи қаржы пирамидалары букмекерлік кеңселердің атын бүркемеленулері мүмкін, олар клиенттерді «міндетті түрде» жеңіске жеткізетін ставкалар қоюға шақырады. Егер ресми букмекерде өз қызметін жүзеге асыруға үнемі лицензиясы болып, ставкаларды жүзеге асыру кезінде ставкаларды растау туралы кассалық немесе электрондық чек және купон беретін болса, алаяқ ұйымдардың ресми лицензиясы болмайды және олар көп жағдайда мессенджерлер арқылы «жалған» чектер жібереді.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сонымен қатар әртүрлі «серіктестік бағдарламаларды» пайдаланады, олар бағдарламаға қатысушыларға спорттық іс-шаралардың нәтижелерінен емес, нақты сіз ертіп әкеліп, ставка жасаған адамдардың санына байланысты жоғары кіріс көзін ұсынады. Мәселен, сіз белгілі бір соманы салуыңыз және олар үшін белгілі бір дивидендтер алатын кем дегенде екі белсенді клиентті қосымша тартуыңыз қажет. Нәтижесінде пирамида жаңа «инвесторлардың» ақшасы есебінен белсенді дами түседі. Инвестициялар және күмәнді жобалар: бұл 2024 жылдағы пирамиданың өзекті түрі. Оның схемасы мынадай – Желіде олар сізге жоғары кірісті онлайн-жобаға инвестиция салуды ұсынады. Оның жай схемадан айырмашылығы – сізге жаңа қатысушыларды тарту міндет емес. Сізге тек белгілі бір соманы салуды сұрайды және жоба іске қосылғаннан кейін аса жоғары кіріске кенелуге уәде береді. Алайда, мұндай пирамиданы ұйымдастырушылар қомақты сома жинағаннан кейін жобаларын жабады да жоғалып кетеді. Біраз уақыт өткеннен кейін көпшілікке жаңа жобаны жарнамалауды бастайды және аталған схема қайталана береді.
Қаржы пирамидалары жұмыс істеуінің бес сатысы. I-кезең – пайда болу (құру) сатысы. Мынадай белгілерін атап өтеміз: жоғары кірістілікке және салынған қаражаттың жылдам қайтуына (бірнеше айда), ең төмен тәуекелдерді жария етуге уәде бере отырып, қатысушыларды белсенді түрде тарту. Мұндай схемаларда пирамидаға кіру үшін ашық немесе жасырын нысандағы ақы төлеу және нарықтық деңгейден жоғары кепілдік берілген төлемдерге уәде бере отырып белсенді жарнамалық науқан жүргізу. Компания ресми түрде тіркелмеген және қызметі нақты айқындалмаған. Ақша төлемдерін қабылдау қаржылық іздің тіркелуінсіз жүзеге асырылады, қасақана мақсаттармен қаржылық тізбектің үзілуі орын алады, қаржылай қаражатты алушы шарт жасалған адамнан өзгеше болады;
нақтылайтын және растайтын ақпаратсыз жобаның бірегейлігі туралы мәлімдеу;
түрлі инвесторларды жаппай тарту;
«фьючерстер», «P2P», «трейдинг», «опциондар» сияқты арнайы қаржылық терминологияны түсініктеме бермей және қажеттіліксіз пайдалану, оны кәсіби емес инвесторлар түсіне алмайды және түсінгісі де келмейді;
желілік маркетинг қағидаттарын пайдалана отырып схемалар құру;
инвестицияларды сақтандыру туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәлімдеме;
компанияда қолжетімді офистің, жарғының, құрылтай құжаттарының, компания сайтының болмауы, шетелдік юрисдикциядағы хостингте сайтты орналастыру.
II-кезең – өркендеу сатысы. Пирамида үшін мыналар тән:
түрлі бонустық бағдарламалар мен корпоративтік іс-шаралар арқылы ойластырылған және негізді болып көрінетін қызмет негізінде жаңа қатысушыларды барынша көп және жылдам тарту. Оған заңды бизнесте де пайдаланылатын желілік маркетинг тәсілдері ықпал етеді.
қатысушыларға пайыздық төлемдер жаңа салымшылардың ақшасы есебінен жүзеге асырылады және ол сату көлеміне немесе кәсіпкерліктің өзге де нәтижелеріне байланысты емес. Акциялардың өзіндік баға белгілеуі (акциялардың бағасын ұйым нарықтық құнға байланыстырмай белгілейді) және сату мен сатып алуға тұрақты өсіп отыратын екі жақты баға белгілеу;
салымшылар қаражатының қамтамасыз етілмеуі және қайтаруға кепілдік беру сенімін еш жерде тіркелмеген құжатпен қалыптастыру. Шарт көбінесе болмайды немесе азаматтық құқық нормала бұзылады, ақша қаражаты түбіртектерсіз немесе басқа растайтын құжаттарсыз қабылданады;
салымшылардың ақшалай қаражаты инвестицияланған жобалар туралы ақпараттың болмауы.
III кезең – маңызды кезең. Мұнда:ақша қаражатын қайтармау тәуекелін арттыру. Уәде берілмеген кірістерді төлеу мүмкіндігі төмендейді, ал қаржылық міндеттемелер арта түседі, салымшыларда тәуекелді күту арта түседі. Ұйымдастырушылар тәуекелдер мен жағымсыз жаңалықтарды елемейді немесе оларды жақсы деп қабылдайды, қауіпті сигналдарды елемейді, төленген кірістерді қайта инвестициялауды ұсынады;
әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, сайттардағы жеке кабинеттерде технологияларды пайдалана отырып, қаржы компаниясының қызметін белсенді жарнамалау, оқыту семинарларын өткізу;
компанияның қаржылық жағдайы түсініксіз (сайтта құжаттар жоқ, инвесторлар үшін ақпаратты ашатын бөлім жоқ). Бұл белгілер қаржы пирамидасының болуы мүмкін екенін көрсетуі мүмкін, бірақ қызмет тарихы жоқ көптеген жаңа ұйымдар ұқсас жағдайда болуы мүмкін.
IV кезең – қаржы пирамидасын бұзу.
жағымсыз ақпарат түсуінің өсуі және салымшылар арасында дүрбелеңнің туындауы, салынған қаражатты қайтаруға жаппай талап қою, ұйымның банкроттығы. Бұл күйзеліс жағдайындағы кез келген қаржы ұйымына тән;
меншікті активтері, компаниядан және қашып кеткен ұйымдастырушылардан ресми ақпарат болмаған жағдайда, салынған қаражаттың кем дегенде бір бөлігін қайтарып алуға мүмкіндік болмайды, қылмыстық істер мен сот талаптары қозғалады;
V кезең – қаржы пирамидасының жандануы (ребрендингі).
салымшылардың бұрынғы ортақтығын, бұрынғы аңызды қолдану; пирамиданы жандандыру, жаңа салымды көбейте түсу және салынған қкаражатты қайтару үмітін ынталандыру; бұрынғы міндеттемелерді қабылдау. Аталған белгілердің кәсіпкерлік қызмет үшін де тән болуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Осыған байланысты қаржы пирамидасының барлық белгілері негізгі және қосымша болып жіктеледі. Негізгі белгілері ретінде қаржы пирамидасын айқындайтын маңызды сипаттарды түсінеміз, оларсыз схеманы осы ұйым түріне жатқызу күмән тудырады. Қосымша белгілері ретінде қаржы пирамидасына және кәсіпкерлік қызметке, оның ішінде қаржы нарығында тән болатын сипаттарды түсінеміз. Бұл сипаттары қаржы пирамидасының белгілерінің бар екендігі туралы белгі беруі мүмкін, бірақ бір жақты қаржы пирамидасы ретінде түсіндіріле алмайды.