Новости

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан қаласында өтіп жатқан халықаралық инвестициялық форумға әлемнің алпауыт компания өкілдері қатысуда. Форум аясында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы түрлі саладағы инвесторлармен келіссөз жүргізді.
Халықаралық инвестициялық форумға Қытай Халық Республикасынан 120 компания және Қазақстан өңірлерінен 100-ден астам ірі компания өкілдері қатысты.
Бүгінгі келіссөзге қатысқан инвесторлар қатарында лифт зауыты — Giant Intelligent Elevator Co, механика және электр құралдарын өндіретін — Sichuan Hongji Engineering Management Co компаниясы, жолдар, абаттандыру, сумен жабдықтау саласындағы құрылыс өнімдерін шығаратын — Hubei Xiaode Engineering Co және өзге де басқа компания өкілдері бар.
Келіссөздер аясында ынтымақтастық танытқан компаниялармен екі жақты меморандумға қол қойылды.
Жалпы осыған дейінгі ҚХР тарапынан Түркістан қаласының негізгі каптиталына тартылған инвестиция көлемі 78,2 млрд теңге болатын және 1910 жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар 3 жоба іске асырылуда. Оның ішінде жүзеге асырылған — Golden Camel ЖШС бар.
Ал алдағы уақытта тартылатын инвестиция құны 141,5 млрд теңге болатын және 790 жаңа жұмыс орындарымен қамту мүмкіндігі бар 6 жоба іске асырылуы жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button