Новости

(Қазақша) Ұлттық экономика вице-министрі Б.Құдайбергенов ҚҚС бойынша Сыр өңірінің халқымен кездесті

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

 

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов арнайы іссапармен Қызылорда облысына келіп, бизнес қауымдастық пен депутаттар, қоғамдық кеңес, мемлекеттік орган және бірлестік өкілдерімен кездесті. Басты мақсат –қосымша құн салығы, оның шекті мөлшерін төмендету, жаңа реформаның маңызын кеңінен түсіндіру.
Үкімет отырысында ҚҚС ставкасын 20% көтеру ұсынылды. Кәсіпкерлермен кездесу барысында Президент мөлшерлеменің тым жоғары екенін айтып, қайта қарауды жүктеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасынан соң ҚҚС мәселесі қайта қаралып, еліміздің салық заңнамасына жаңа түзетулер енгізуге, оның ішінде құн салығын 16%-ға көтеру ұсынылды. Соның негізінде өңірлердегі бизнес-қоғамдастықпен Үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы құрылып, жұмысын бастады.
– Өңірлерді аралаудағы басты мақсат – қосымша құн салығының маңыздылығын түсіндіру. ҚҚС ставкасы 16 пайызға көтерілмек. Ал міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету жоспарлануда. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласы үшін 10% төмендетілген мөлшерлеме ұсынылады.
Онан бөлек ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңды тұлғалар бюджетке төлеуге тиісті ҚҚС-ның 30%-ын төлемейтін болады. Жалпы ҚҚС бұл – бюджетті толықтырудың негізгі көзінің бірі. ҚҚС мөлшерлемесін арттыру және саралау бюджеттің мұнайдан түсетін өзгермелі кірістеріне тәуелділігін азайтуға және мемлекеттік басым жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Осы ретте сіздердің де пікірлеріңізді естіп, ұсыныстарыңызды жеткізуге келдік, – деді вице-министр.
Жиында бизнес өкілдері сауалдарын қойып, нақты ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, сараланған (16%, 10%, 0%) ҚҚС-ты өңдеуші бизнеске төмендету, микро, шағын бизнесті ҚҚС-на жатқызбауды, салық жүйесін автоматтандыра отырып, қызмет не тауардан бірден 3% салықты ұстап қалуға т.б. ұсыныстар берілді.
Бауыржан Құдайбергенов Сыр өңірі кәсіпкерлерінің ұсыныс-пікірлері сараланып, Парламентке ұсынылатынын айтты.
Айта кетейік, жаңа «Салық кодексінің» жобасына түзетулерді 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізу жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button