Новости

(Қазақша) ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ЕГІЛДІ

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Төлеби ауданында жалпы аудандық сенбілік өтті. Табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған тазалық шарасына мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер және белсенді азаматтар қатысты. Қала мен ауылдардағы қоғамдық орындар, саябақтар, су айдындарының жағалаулары, көшелер мен аулалар қоқыстан тазартылды.
Жалпы, жыл басынан бері ауданда 9 рет сенбілік ұйымдастырылды. Оған 205 мекеме, 18 632 адам, 42 техника жұмылдырылған. Сенбіліктерде 145 км облыстық, 255 км аудандық жолдар, 31,2 км ирригациялық арықтар, 16,1 км өзен, каналдар тазаланып, 205 қураған ағаш бұталды. Сондай-ақ 14 саябақ, аллея, 15 спорттық ойын алаңшасында тазалық шарасы жүргізілді. Жалпы 29 600 көшет егілді. Жыл басынан бері «ТazaQazBot» бағдарламасына 137 өтініш түсіп, толық жауап берілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button