Жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрінің орынбасарына ШҚО-ның инженерлік желілер қуатының жетіспеушілігі мен тозу мәселелерін шешу бойынша инфрақұрылымды жаңғырту жоспарлары таныстырылды

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралады.
Жұмыс сапарының алғашқы нысаны – «Согрин жылу электр орталығы» ЖШС болды. Станциядағы орнатылған қуат– сағатына 168 Гкал жылу энергиясын және 75 МВт электр энергиясын құрайды.
Сонымен қатар, Жаңа Согра кентінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары кәріздік сорғы станциялары, коллекторлар, аэротенктер, тұндырғыштар, лай алаңдары, сусыздандырылған тұнбаны сақтау алаңы, әкімшілік-тұрмыстық корпус, электрмен жабдықтау желілері, бейнебақылау және қауіпсіздік жүйелері сияқты нысандарды қамтитын тазарту құрылыстары кешенінің құрылысының барысымен танысты.
Кент аумағында көгалдандыру және жолдарға кіреберіс жолдарын салу бойынша абаттандыру жұмыстарын жүргізу қарастырылған.
Жұмыс сапары бағдарламасымен келесі нысан – «Өскемен ЖЭО» ЖШС болды. Бүгінгі таңда станцияның орнатылған қуаты – жылу бойынша 859,9 Гкал/сағ және электр энергиясы бойынша 372,5 МВт құрайды.
Кәсіпорында сағатына 75-тен 500 тоннаға дейін бу өндіретін 9 қазандық агрегат және қуаты 4-тен 120 МВт-қа дейінгі 8 турбоагрегат жұмыс істейді.
Станцияда қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттарды азайту үшін ең озық қолжетімді технологияларды енгізе отырып, №13 жаңа турбоагрегат пен №16 қазандық агрегатын салу арқылы кеңейту, негізгі бу құбырын ауыстыру және жаңа күл үйіндісін салу жоспарлануда.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевқа Шығыс Қазақстан облысының қуат тапшылығы мен инженерлік желілердің тозу мәселелерін шешу мақсатында инфрақұрылымды жаңғырту жоспарлары таныстырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button