banner
Новости

(Қазақша) Ұлытау облысында “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні” өтті!

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

2025 жылғы 26 сәуірде Жезқазған қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең ауқымды экологиялық шара — “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні” ұйымдастырылды.

Іс-шараны Ұлытау облысының Дін істері басқармасы өткізіп, оған облыстағы барлық діни бірлестіктердің басшылары қатысты. Бұл — діндер арасындағы рухани бірлікті табиғатқа қамқорлықпен ұштастырған ерекше бастама болды. 🌍🤝

🔹Мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру, жас ұрпаққа табиғатты аялау дәстүрін сіңіру.
🔹Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова шараға қатысып, жиналған жұртшылыққа өз лебізін білдірді:
«Бүгін отырғызылған әрбір тал — ұрпаққа аманат. Бұл тек көгалдандыру ғана емес, табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Ағашты егу — игі іс, ал оны күтіп, сақтай білу — ортақ жауапкершілік», — деп атап өтті.
🌳 Акция барысында ондаған ағаш көшеттері отырғызылып, Жезқазған қаласының жасыл желегіне жаңа тыныс берілді.
Бұл шара — табиғатты аялауға, экологиялық жауапкершілікке және рухани келісімге үндейтін жарқын үлгі болды.
📸 Жасыл келешек үшін бүгіннен әрекет етейік!

#TazaChallenge #ТазаҚазақстан #TazaQazaqstan #ЖасылМұра #ҰрпақСабақтастығы

Басқа жаңалықтар

Back to top button