Жаңалықтар

Ұлытау облысы ауыл шаруашылығы саласында Пәкістанмен ынтымақтастығын нығайтуда 

 

2025 жылғы 28 сәуірде Карачи қаласында (Пәкістан Ислам Республикасы) Пәкістан–Қазақстан бизнес-форумы өтіп жатыр. Қазақстан Республикасы делегациясын Көлік министрі Марат Қарабаев бастап барды.

Ұлытау облысынан форумға облыс әкімінің орынбасары Жәнібек Нүпіров, «Ұлытау» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Садыбеков және «Жеңіс асыл тұқымды зауыты» ЖШС басшысы Нұрсұлтан Жарылғапов қатысты.

🔄 Форум аясында инвестициялық жобалар, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары және ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен бастамалар талқыланды. Әсіресе, Ұлытау облысына ерте пісетін көкөністерді жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Пәкістандық инвесторлармен, кәсіпкерлермен және фермерлермен бірқатар екіжақты кездесулер өтті.

Пәкістан–Қазақстан бизнес-форумы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға, тікелей инвестицияларды ынталандыруға және аграрлық саладағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға маңызды алаңға айналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button