Жаңалықтар

Орталық Азияның климаттың өзгеруіне арналған 7-ші конференциясы (ОАҚӨК-2025): Орталық Азия жаһандық климаттық қаржыландыру мақсатына қол жеткізу үшін күш біріктіруде

2025 жылғы 13–15 мамыр аралығында Ашхабад қаласында климаттың өзгеруіне арналған Орталық Азияның 7-ші конференциясы (ОАҚӨК-2025) өтіп жатыр.
🔺Конференцияның басты тақырыбы – өңірлік және ұлттық климаттық шараларды іске асыру үшін климаттық қаржыландыруды жұмылдыру. Бұл мәселе жаһандық температура рекордтарының жаңаруы және өңірдегі климаттық тәуекелдердің артуы аясында аса өзекті болып отыр.
ОАҚӨК-2025 конференциясы Орталық Азия елдерінің, үкіметтердің, парламенттердің, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, ғылыми орталықтардың және азаматтық қоғамның өкілдерінен құралған 200-ден астам қатысушыны біріктірді.
✔️Конференция БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясының (COP29) шешімдерін іске асыру және алдағы COP30-ға дайындық, ұлттық бейімделу жоспарлары мен жаңа ұлттық үлестерді (ҰДАҮ 3.0) әзірлеудегі өңір елдерінің ілгерілеуін бағалау, сондай-ақ Жаңа ұжымдық сандық климаттық қаржыландыру мақсатына (NCQG) сәйкес стратегиялық әрі әділ климаттық қаржыландыру тәсілдерін әзірлеу мәселелері бойынша пікір алмасу алаңы болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button