Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ӨҢІР ЖУРНАЛИСТИКАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өңірлік журналистиканың бүгінгі ахуалына арналған халықаралық ғылыми-Практикалық конференция өтті. Шараға Өзбекстанның Журналистика және бұқаралық коммуникация университетінің доценті, ф.ғ.д. Перхан Алламбергенова, Тараз өңірлік университеті «Журналистика және филология» кафедрасының профессор-оқытушылары, сондай-ақ ХҚТУ-дің ғылым кандидаты, Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов, докторы Сейдулла Садықов және ақпарат саласының өкілдері, студенттер қатысты.

Конференцияның модераторы, ХҚТУ «Журналистика» кафедрасының профессоры Молдияр Ергебеков ашылу сөзінде өңірлік БАҚ-тың қазіргі қиындықтарын тілге тиек етіп, дәл осындай халықаралық форум өткізу қажеттігін айтты. Ал вице-ректор Еділ Төлегенов университеттің өңірлік ақпарат құралдарымен ынтымақтастығын атап өтіп, кездесудің өзекті мәселелерді түйіндеуге сеп боларына сенім білдірді.

Өңірлік баспасөз саласында маман тапшылығы басты проблема болып қала беретінін талқылау барысында қатысушылар өткен жылы Түркістан облысының журналистерімен бірге өткен іс-шаралардағы байқаулар нәтижесін мысалға келтірді. Аудан-қалаларда ақпарат құрус­тары көптеген қолдауға ие болса да, барынша дамып жатқан жерлер ғана көзге түсетінін, шалғайда еңбек етіп жатқан БАҚ-тарға қажетті кадрлар жетіспейтінін көрсетті. Осыны шешу үшін университет түлектерін ауылдық аймақтарға тартудың әлеуметтік жағдайларын жақсарту қажет екені айтылды.

Студенттерге өз өңіріндегі аудандық газеттер мен телеарналарға барып, жастық жігерімен жаңашыл жұмыс ұйымдастыруға шақырылды. Түркиялық зерттеушілердің медиа топтарын үш санатқа бөліп сипаттаған деректері де қызықты пікірталас тудырды: кәсіби журналистер командасы, табыс көзін іздейтін «мемлекеттік тапсырыс» тобы және тек куәлікке сүйеніп жүретіндер. Соңғы екеуінің жағдайы өңірлік БАҚ-тың дамуына кедергі келтіретінін талдап, студенттер өз бастамаларымен саланы жандандыруға мүмкіндігі барына тоқталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button