Новости

(Қазақша) Катонқарағайда көркемсурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Катонқарағай топырағынан түлеп ұшқан көрнекті қаламгерлер — Қалихан Ысқақтың 90 жылдық, Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдық мерейтойына орай үздік суретшілер бас қосқан байқау нәтижесі белгілі болды.

 

Шығармашылық сайыс аясында Қазақстанның әр түкпірінен келген суретшілер өз туындылары арқылы тау тұлғаларға деген құрметін паш етті. Байқау нәтижесі бойынша үздік деп танылған қатысушылар марапат төрінен көрінді.

“Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы” қорының директоры Серік Жүнісов жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен сертификаттарды табыстады.

Қылқалам шеберлері арасындағы өнер сайысында Талғат Қисметов 3 орынға ие болды. Жүлделі 2 орынды Санжар Сырғабаев қанжығасына байласа, Әлішер Жүргенов 1 орынды иеленді.

Сондай-ақ байқауға белсене қатысқан өзге де суретшілер түрлі номинациялар бойынша марапатталып, Алтайдай асқақ рухты ардақтаған еңбектері елеусіз қалмады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button