Новости

(Қазақша) Ұлытау облысының ветеринария саласы аясында атқарылып жатқан жұмыстар

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

🔹Ұлытау облысында жануарлардың аса қауіпті жағдайлары тіркелген жағдайда оларды қалдықсыз жою үшін Камаз автокөлігіне орнатылған жылжымалы инсинератор пеші алынды. Құны — 85 миллион теңге. Бұл пеш дизель отынымен жұмыс істеп, өңірдегі эпизоотиялық жағдайды бақылауға және аурудың алдын алуға мүмкіндік береді.

 

🔺Сонымен қатар, Түгіскен ауылында заманауи ветеринарлық пункт ашылмақ. Пункттің құрылысына бөлінген қаражат — 20 миллион теңге. Қазіргі уақытта конкурс жұмыстары жүріп жатыр. Облыс бойынша қазір 35 ветеринарлық пункт жұмыс істейді. Олардың барлығы әкімдік пен аудандық ветеринарлық станциялар ғимараттарында орналасқан.

 

📌Ветеринарлық қызметтің сапасын арттыру мақсатында қажетті техникалармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы облысқа 15 жаңа автокөлік берілген болса, биыл тағы автокөліктер сатып алу жоспарланған.

 

📌Айта кету керек, Түгіскен ауылындағы жаңа ветеринарлық пункт жеке ғимарат болып, ауыл сыртында орналасады.

Бұл жобалар Ұлытау облысында ветеринария саласын дамытуға, жануарлардың денсаулығын сақтауға және тұрғындар үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button