Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегітұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

2025 жылғы 23 маусымда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасарлары Т.Қозбеков, Б.Тәжібаев, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ә.Бектұрғанов, комиссия мүшелері Б.Сүлейменов, Т.Садуов, У.Рахиев, Қ.Салыбек, Қ.Жантөреева, Ғ.Елшібаев, Б.Басымбек, Ж.Темірбекова, Ж.Туламетов, М.Манапов, Б.Байғараев, Б.Шойбеков, Ж.Құрақбаев, Х.Әшірбеков және күн тәртібіне байланысты шақырылған облыстық басқарма басшылары қатысты.
Тұрақты комиссияның отырысын тұрақты комиссия төрағасы А.Салимовжүргізді. Комиссия отырысында мына мәселелер талқыланды:
1. Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері; |
2. Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі туралы; |
3. «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VІII шешіміне өзгерістер енгізу туралы; |
4. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы; |
5. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы; |
6. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы; |
7. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы; |
8. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 сәуірдегі №9/132-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы; |
9. Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы |
10. Түркістан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы |
11. Кентау қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы |
12. «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы»Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №5/48-VIІ шешіміне толықтырулар енгізу туралы |
13. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы |
14. Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясының жұмысшы органдарының құрамы бойынша ұсыныстар.
|
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мәселелерді сессия қарауына енгізуді ұсынды. |