(Қазақша) «SENAT OPEN» ашық кубогының жеңімпаздары анықталды

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтыңбастамасымен Түркістанда шахматтан ІІ «Senat Open» ашықкубогының жартылай финалдық кезеңі өтті.
Түркістан облыстық мәслихаты мен Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған турнирге Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан іріктелген ең мықты 35 шахматшы қатысты.
Турнирді облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов ашып, 6 ғасырда Үндістанда пайда болған шахмат ойыны өзініңтереңдігімен ерекшеленетін және әлем бойынша стратегиялықойлаудың символына айналған ойынекендігін атап өтті. Сонымен қатар, мәслихат төрағасы елімізде шахматтың қарқынды дамып, өңірлерде шахмат клубтары мен мектептері жұмыс жасайтындығын атай келе, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жалпы, жартылай финал швейцариялық жүйе бойынша 9 турдантұрды. Ойын рапид форматында өтті. Нәтижесінде үздік шахматшыларанықталып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Турнирге қатысушылар шахмат ойыны арқылы өздерініңшапшаңдық, шыдамдылық және аналитикалық жәнелогикалық ойлауқабілетінің мүмкіндіктерін көрсетті.
Енді жеңімпаздар 29 тамызда Астанада өтетін финалдықкезеңде оңтүстік өңірдің намысын қорғайтын болады.
Түркістан облыстық мәслихаты