Новости
(Қазақша) Тарбағатайда экономиканы көтерер өндірістер қолға алынуда

Тарбағатай ауданы өнеркәсіп әлеуетін әртараптандыруға кірісті. Ірі кен орындары бар, қайта өңдеу кәсіпорындары ашылуда.
Бүгінде аудан өнеркәсібінің негізгі үлесі тау-кен өндіру саласына тиесілі. Пайдалы қазбалар өндірісі мен өңдеу өнеркәсібі қатар дамып келеді. 16 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген, 8 резервтік кен орны толық іске қосылмақ.
Облыс басшысының айтуынша, 2032 жылға дейін қуаты 25 млн тонна болатын мыс өндіру және байыту комбинаты салынады. Бұл өндіріс өнімдерін Қытай мен Еуразиялық одаққа экспорттауға жағдай жасалмақ. Мұндай жобалар аудан экономикасын жаңа деңгейге көтерері сөзсіз. Бұдан бөлек, Зайсан көлінде кәсіпшілік балық шаруашылығын дамытып, жаңа қайта өңдеу зауыты ашылады.