Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАР 13 ПАЙЫЗҒА АЗАЙҒАН

Түркістан облысында еңбек қатынастары саласында 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында 834 азаматтан арыз-шағым түсіп, соның негізінде 174 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 403 заң бұзушылық анықталып, 173 нұсқама берілген. Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Амангелді Әліш мәлімдеді.

 

«Биылғы жылдың 6 айында облыста 20 өндірістік жазатайым оқиға орын алып, салдарынан 23 адам зардап шекті. Өкінішке орай 3 адам жұмыс орнында қайтыс болды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірістегі жазатайым оқиғалар саны 13 пайызға азайып отыр. Бұдан бөлек, биыл жыл басынан 6 кәсіпорында 4890 жұмыскер алдында 454,7 млн теңге жалақы қарызы анықталып, толықтай өндірілді. Сондай-ақ, облыста шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру комиссиясында 34 кәсіпорынға 897 жұмысшыға рұқсат берілді. Оның 738-і маусымдық жұмысшыларға, яғни мақта шаруашылығына берілген. Өңірдегі инвестициялық жобалардың іске асу нәтижесінде 19 319 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстар департаменттің қатаң бақылауына алынған»-деді сала басшысы.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button