Жаңалықтар

Берел ауылында өткен Qaton Qaragai Trail 2025:

Жеңіс пен жігер мерекесі

5–6 шілде күндері Берел ауылында Қатонқарағай аудан әкімдігі мен “El Sport” республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Qaton Qaragai Trail 2025” жарысы жоғары деңгейде өтті. Ауқымды додаға Астана, Алматы, Павлодар, Семей, Өскемен, Атырау, Қарағанды, Құлсары, Самар, Күршім, Шульбинск және Қатон Қарағай өңірінен келген желаяқтар қатысты.

Бұл осы жарыстың керемет әдемі өлкеде екінші рет өткізілуі, ал демеуші KAZ Minerals тобы қаржылай қолдау көрсетті. Сонымен қатар, іс-шараның серіктестері қатарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ спорт және туризм академиясы мен Pit Food бренді болды.

Ақпараттық қолдаушылар: Bas News, Bas Sport және Мystart телеграмм каналы.

Өтінім берген 112 қатысушы 3 км., 10 км. және 20 км. қашықтықтарда бақ сынасты. Қашаықтықтар бойынша абсолюттік жеңімпаздар тізімі:

-20 км. қашықтық — Сатылған Өркен, нәтижесі: 1 сағат 30 минут 28 секунд;

-10 км. қашықтық (ерлер арасында) — Абишев Руслан, уақыты: 42 минут 01 секунд. Әйелдер арасында — Вязигина Надежда, уақыты: 50 минут 52 секунд;

-3 км қашықтық (әйелдер арасында) — Жақан Жаннұр үздік нәтиже көрсетті, ал ерлер арасында — Мұқанов Арнұр, уақыты: 15 минут 15 секунд.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақы жарыстың демеушісі Kaz Minerаls тобы атынан беріледі. Желақтар бірнеше жастар санаты бойынша, әйелдер мен ерлер арасында марапатталды. Сонымен қатар жарыстың партнерлері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қазақ спорт және туризм академиясының, Pet Food брендінің арнайы сыйлықтары беріледі.

Бұл жарыс тек спорттық дода ғана емес, сонымен қатар табиғатпен тоғысып, ерік-жігер мен рухтың биік үлгісін танытқан маңызды оқиға болды.

Рамазан Саттарұлы +77013906994

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button