(Қазақша) Д. Е САНАТЫНДАҒЫ АДАМДАР МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі бірқатар негізгі жаңалықтарды көздейтін заң қабылданды.
Қабылданған заң шеңберінде 2026 жылы МӘМС жүйесі жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен дағдарысты және шұғыл әл-ауқат деңгейі (Д және Е санаттары) бар 1 миллионға жуық адамды қосымша қамтитын болады.
↗️Бұл табысы төмен ҚР азаматтарының тағы 5%-ы МӘМС есебінен жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізе алатынын білдіреді.
Халықтың осы санаттары үшін жарналар осы азаматтардың медициналық көмекке жүгіну фактісі бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін болады.
Бұдан басқа, ЖАО-ның жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін тікелей жауапкершілігін ескере отырып, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын төлеуге арналған шығыстар да жергілікті бюджеттерге жүктелетін болады.
✅Бүгінгі таңда 16,9 млн адам (82,6%) сақтандырылған, оның ішінде 11,9 млн адам (59,5%) халықтың жеңілдетілген санаттарына жатады, олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Бұл мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары деңгейін көрсетеді.
МӘМС жүйесінен тыс 3,4 млн-ға жуық адам қалады, оның ішінде 2,4 млн-ы жағдайы жақсы және қанағаттанарлық өмір сүру деңгейі бар азаматтар, ал 1 млн-ға жуығы — әлеуметтік әл-ауқаттың дағдарыстық (Д) және шұғыл (Е) деңгейлеріне жататын азаматтар.
2,4 млн. адам еңбекке қабілетті жастағы азаматтар тобындағы адамдар үшін сақтандыру жүйесіне кіру жеңіл әрі ауыртпалықсыз болып қалады:
✔️ Айына 4250 теңге немесе жылына 51 000 теңге.
2027 жылдан бастап Қазақстан барлық тараптардың — мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігінің барынша жоғары дәрежесімен толыққанды сақтандыру моделіне көшуді жоспарлап отыр.
🛡 Бұл шаралар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте бекітілген ортақ жауапкершілік қағидаттарын іске асыруға және азаматтың әлеуметтік жағдайына қарамастан медициналық көмекке әділ қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Енді ең әлеуметтік осал азаматтар медициналық көмекті кедергісіз ала алады».