(Қазақша) Республикалық 180 км. ультрамарафон жарысы: асқақ рух пен жігіт жігері тоғысы

«Abai Joly 100 miles» жарысы Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналып 7 тамыз күні сағат 17:00-де Семей – Қарауыл арасында 180 км. қашықтықта өтетін ультрамарафон басталады.
Жарысқа республиканың өңірлерінен және шет елдерден 100 ден астам әуесқой спортшылар қатысады деп күтілуде.
Жарысты өткізуге жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жасап, қолдауды Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК көрсетіп, Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірге Республикалық «El Sport» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады.
Негізгі ұйымдастыру мәселелерді Семей қаласының әкімдігі шешіп, нақтылы дайындық шараларды атқаруда. Өйткені сол күні таңғы 7:00 Семей қаласында жағалаудан Бейбітшілік аралына дейін қосалқы бұқаралық 3 км. жарыс өткізіледі.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Семей қаласының кәсіпкерлері тағайындаған 10 000 000 ақшалай жүлде қорын бөліседі. Бірінші орын – 2 000 000 теңге, екінші орын – 1 400 000 теңге, үшінші орын – 1 000 000 теңге. Айта кеткен жөн, бұндай сома бұрын соңды елімізде желаяқтар жарсында тағайындалмаған. Сонымен қатар, ақшалай жүлде тоғызыншы орынға дейін 100 000 теңге көлемінде беріледі.
Бұдан басқа Семей қаласының әкімдігі әр 10 км., жалпы саны 17 тамақтану пунктін, қатысушылардың жатын орнын дайындап, желаяқтардың мәреге жеткен соң қалпына келу үшін жағдайлар жасайды.
Осыған дейін екі рет өткізілген ультрамарафон жоғары деңгейде ұйымдастырылған еді. «Abai Joly 100 miles» 2023 жылы алғаш рет Семей-Бөрлі 80 км., Семей-Жидебай 160 км. арасында өтіп, жүлде қоры демеушілер тарапынан 5 500 000 болған.
2024 жылы «Abai Joly 100 miles» Семей-Бөрлі арасында 80 км. қашықтықта өтіп, демеушілікті Шәкәрім университеті жасап жүлде қорына 1 500 000 теңге қосты.
Ультрамарафонға тіркелу телеграмда MYSTART чатында жүріп жатыр, ал қосымша ақпарат инстаграм желісінде elsport_kz парақшасында бар.
«El Sport» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Рамазан Саттарұлы +7 701 390 69 94