Новости

(Қазақша) КИЕЛІ МЕКЕН – ҚАЗЫНАЛЫ ӨЛКЕ: ЖАСТАРҒА РУХАНИ ТӘРБИЕ БЕРУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Созақ ауданында жастар саясатын тиімді жүзеге асыру, өскелең ұрпаққа тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау және көпбалалы отбасылардың балаларына қолдау көрсету мақсатында маңызды іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен «Киелі мекен – қазыналы өлке» атты танымдық экскурсия өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында қолға алынған игі бастамалардың бірі.

Экскурсияға 12-16 жас аралығындағы 30-ға жуық жасөспірім қатысты. Олардың басым бөлігі көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар. Ұйымдастырушылар оларға жолға қажетті су мен тіске басар үлестіріп, әр баланың қауіпсіздігі мен жайлылығына баса назар аударды.

Саяхат Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістан қаласынан басталды. Балалар ең алдымен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ұлы тұлға Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, оның өмірі мен шығармашылығы жайлы тың мағлұматтар алды. Осы арқылы олар дін, тарих және руханият жайлы тереңірек түсінік қалыптастырды.

Экскурсия барысында жас экскурсоводтар балаларды «Шығыс моншасы» мұражайына, Ұлы дала елі орталығына, Фараб кітапханасына және Қылует жерасты мешітіне алып барды. Бұл орындарда балалар ежелгі Шығыстың тынысын сезініп, сәулет өнері мен мәдениеттің үздік үлгілерімен танысты. Әсіресе жерасты мешіті олардың қызығушылығын оятып, ерекше әсер қалдырды.

ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Бұл экскурсия – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан жастарды қолдау және тәрбиелеу бағытындағы саясаттың нақты көрінісі. Ел болашағы – жастардың саналы, білімді және отансүйгіш болып қалыптасуы үшін осындай рухани-танымдық іс-шаралардың маңызы зор. Шара арқылы жасөспірімдер туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауды, елін сүюді, ұлттық құндылықтарды бағалауды үйренді.

Сонымен қатар, бұл іс-шара – жастар арасындағы патриотизмді арттырудың, мәдени мұраға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың, сондай-ақ олардың бос уақытын тиімді пайдаланудың жарқын мысалы. «Жастар ресурстық орталығы» мұндай жобаларды алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырып, жастарға рухани азық беруді жалғастырмақ.

АТА-АНАЛАРДАН АЛҒЫС, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРҒА СЕНІМ

Экскурсия соңында балалар мен олардың ата-аналары орталық басшылығына, ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыс айтты. Олар бұл іс-шараның тәрбиелік, танымдық және әлеуметтік маңызын ерекше атап өтті. Ата-аналар мұндай жобалардың жасөспірімдердің дүниетанымын кеңейтіп, болашаққа деген сенімін нығайтатынын алға тартты.

Жастарға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты – оларды қоғамның белсенді мүшесіне айналдыру. Осы тұрғыда, Түркістан облысында осындай бастамалардың жиі өтуі – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, рухани-мәдени жаңғыруының да айқын көрінісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button