Новости

(Қазақша) ​Кеңгір ауылында газ құбырын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Ұлытау облысының Жезқазған қаласына қарасты Кеңгір ауылында газ инфрақұрылымын дамыту аясында ұзындығы 25,171 шақырымды құрайтын жеткізуші газ құбыры мен газ тарату желілерін салу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Аталған жобаның мердігері – «Шымкентгаз» ЖШС. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың 1 мамырында басталып, 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады деп жоспарланған.

 

Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары жұмыс кестесіне толық сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта жобаның 75%-ы орындалды, бұл жұмыс сапасының жоғары деңгейде екендігін және мерзімінде аяқталуға жақын екенін көрсетеді. Жобаның нәтижесінде Кеңгір ауылындағы 400 үйге табиғи газ жеткізу мүмкіндігі қарастырылады. Бұл жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, ауылды газбен қамту көрсеткішін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button