Новости

(Қазақша) Жезқазған қаласында шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілуде

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Жезқазған қаласында шағын және орта кәсіпкерлік белсенді түрде дамып, жергілікті экономикаға өз үлесін қосуда. 2025 жылдың қаңтар-маусым айларындағы статистикалық көрсеткіштеріне сүйенсек, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7762 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,9%-ға өскен (2024 ж. – 7689 бірлік). Сонымен қатар, бөлшек тауар айналымының көлемі де айтарлықтай артқан. 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында бұл көрсеткіш 36 млрд 281 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,4%-ға өскен (2024 ж. – 32 млрд 274 млн теңге). Жоспарлық межеден асыра орындалып, 112,6% деңгейінде орындалды. Нақты көлем индексі (НКИ) – 103,6%.

 

Ал ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында бөлшек тауар айналымының күтілетін көлемі 40 млрд теңгені құрайды, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңіне шаққанда 102%, ал жоспарға шаққанда 103%.

 

Кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағытында мемлекет тарапынан бірқатар тиімді құралдар қолданылуда. 2025 жылдың есепті кезеңінде 346 млн теңге сомасына 7 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды.

 

Жезқазған қаласында шағын және орта кәсіпкерлікке жасалып жатқан қолдау – жергілікті экономиканы әртараптандыруға, жұмыс орындарын құруға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадам. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button