Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында «Қалқан-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды

2025 жылғы 13–15 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша «Қалқан-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде.

Ауқымды оқу-жаттығуға Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғау қызметтері, радиациялық және химиялық қауіпті нысандардың өкілдері, Қорғаныс министрлігінің Ұлттық ұланы мен Шекара қызметінің әскери қызметшілері, сондай-ақ Атом энергиясы агенттігі мен Ядролық физика институтының мамандары жұмылдырылды.

13 тамыз күні оқу-жаттығудың ашылу салтанаты өтті және бірінші кезеңі жүзеге асырылды. Бұл кезеңде облыстағы ірі өнеркәсіптік нысандарда радиациялық және химиялық апат салдарынан туындаған шартты төтенше жағдайларды жою бойынша практикалық іс-қимылдар пысықталды. Мұндай нысандарда жұмысшылар санының көптігі және химиялық зақымдану қаупінің жоғары болуы — халықтың, аумақтың және экологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қатарында.

«Қалқан-2025» оқу-жаттығуы барысында алынған тәжірибе мен практикалық дағдылар төтенше жағдайларға ден қою бойынша алгоритмдерді жетілдіруге, сондай-ақ ықтимал апаттардың салдарын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button