Новости

(Қазақша) Ұлытау облысында белсенді жастарға арналған «Ulytau Go» жастар лагері өтуде

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

27-29 тамыз күндері Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Ulytau Go» жастар лагері бастау алды. Аталған шара өңірдің үздік және белсенді 50 жасының басын қосып отыр.

 

Лагерьге Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарынан жас кәсіпкерлер, волонтерлер, жұмысшы жастар және қоғамдық белсенділер қатысуда.

 

Үш күнге жоспарланған бағдарлама жастардың тұлғалық дамуына, кәсіби бағытын айқындауға және жаңа ортада тәжірибе алмасуына бағытталған. Лагерь барысында:

 

«Жеке бренд қалыптастыру»,

 

«Мобилография ерекшелігі»,

 

«СММ» тақырыптарында семинар-тренингтер,

сондай-ақ спорттық жарыстар мен қазақ тіліндегі интеллектуалды «ТезТап» ойыны өтеді.

 

 

Жастар лагерьдің үшінші күні тарихи орынға — Жошы хан кесенесіне саяхат жасап, Ұлытаудың рухани-мәдени мұрасымен танысады.

 

«Ulytau Go» лагері – жастардың жаңа идеяларын іске асыруға, көшбасшылық қабілетін дамытуға және өңірдің белсенді жас буынын біріктіруге арналған маңызды алаң.

Басқа жаңалықтар

Back to top button