Новости

(Қазақша) 3 қыркүйек күні Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Орынай Амантайқызы Жұбатованың қатысуымен мектеп оқушыларының тамақтану стандарттары бойынша брифинг өтті.

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Спикердің айтуынша, балалардың білім беру ұйымдарындағы тамақтануын ұйымдастыру бірқатар талаптармен реттеледі. Олар – өсіп келе жатқан ағзаның қажеттіліктеріне сәйкес келетін, сапалы, қауіпсіз әрі теңгерімді тағаммен қамтуға бағытталған.

2025 жылғы 4 наурыздағы ҚР Денсаулық сақтау министрінің №16 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарындағы ас мәзірі санитарлық нормаларға сай болуы тиіс. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде:

оқушылардың жас ерекшелігі, мектептегі болу уақыты ескеріледі;

төрт апталық маусымдық мәзір жасалып, күнделікті ас мәзірі соған сәйкес бекітіледі;

асхана жабдықтарының санитарлық жағдайы қатаң қадағаланады;

тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігіне өндірістік бақылау жүргізіледі.

Жұбатова О.А. мектеп асханаларында дайындалған тағамдардың екі сағаттан артық сақталуына жол берілмейтінін, сондай-ақ бір күннен қалған тамақтарды қайта пайдалануға қатаң тыйым салынғанын атап өтті.

Сонымен қатар, ата-аналар балалардың дұрыс тамақтану режимін сақтауда мектеппен қатар үйлесімділік танытып, үй жағдайындағы ас мәзірін де салауатты тамақтану қағидаларына сәйкестендіруі тиіс екендігі айтылды.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button