Жаңалықтар

Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті

2025 жылдың 16 қыркүйегінде Жезқазған қаласында «Фандрайзинг – үкіметтік емес ұйымдардың тұрақтылығы» тақырыбында Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті.

Форум азаматтық сектордың әлеуетін арттыруға және мемлекет, бизнес пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған өңірлік іс-шаралар сериясын жалғастырады.

Форумның мақсаты – фандрайзингтің өзекті тетіктерін, соның ішінде дәстүрлі және цифрлық құралдарды талқылау, сондай-ақ ҮЕҰ-ның тұрақты дамуына ықпал ететін инновациялық тәсілдерді дамытуға арналған тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

Бағдарлама аясында цифрлық трансформация, жасанды интеллекті фандрайзинг саласына енгізу, қаржы тартудың тұрақты үлгілері, донорлармен өзара байланыс және ҮЕҰ секторындағы креативті бастамаларды дамыту мәселелеріне арналған панельдік сессиялар мен баяндамалар өтті.

Форум жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, ҚР Конституциялық Соты, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ҮЕҰ, бизнес өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өңірлік әкімдіктердің өкілдері қатысты.

Аталған форум азаматтық қатысу институтын нығайту және үкіметтік емес сектордың өңірлік деңгейде орнықты дамуына жаңа серпін беретін маңызды алаңға айналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button