Новости

(Қазақша) Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Ұлытау облысында елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыруға арналған күзгі бірайлық аясында жалпыоблыстық сенбілік өтті.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясына өңірден 500-ге жуық ұжым тартылып, барлығы 7 мыңнан астам азамат тазалық жұмыстарына белсене атсалысты.

Іс-шара барысында 70-ке жуық арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде шамамен 768 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды. Сондай-ақ 313 гектар аумақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, 200-ден астам ағашқа санитарлық қырқу жасалды.

Бұл шара облыстағы елді мекендердің тазалығы мен көркейтілуіне айтарлықтай үлес қосып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға серпін берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button