(Қазақша) Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын паш етті.

Президентіміздің дәстүрлі Жолдауын жезқазғандықтар асыға күтіп, барлық мекеме – ұйымдар тікелей эфир арқылы тыңдап, ерекше әсер алғаны жасырын емес. Өйткені бұл жолғы Жолдаудың тақырыбы айтып тұрғандай еліміз үшін маңызы өте зор. Жалпы Жолдау елді жаңа белестер мен жетістіктерге жетелейді.
Мемелекет басшысының Жолдауын бүгінде барлық мекеме-ұйымдар мен жоғарғы және орта оқу орындарында қызу талқыланып, оны орындау жолдары мен ой-пікірлер айтылып, Жолдауда айтылған барлық бағыттарды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жан-жақты назарға алынуда.
Қәзіргідей заманда өте жылдам қарқынмен жасанды интеллектіге мол басымдық беру керек деп есептеймін. Жасанды интеллекті қарқынды дамыса, халықтың да әл-ауқаты әлдеқайда жақсарып, еліміздің дәулеті еселеп артары сөзсіз. Ізтөлеу Түсіпов, Жезқазған қаласының құрметті азаматы