Жаңалықтар

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР: ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЖОЛЫ

 

Президенттің Жолдауында ерекше назар аударылған бағыттың бірі – жастар саясаты. Өйткені елдің ертеңі мен мемлекетіміздің қуаты – білімді, ізденімпаз, еңбекқор жастардың қолында.
Бүгінгі таңда Қазақстан жастары үшін көптеген жаңа мүмкіндіктер жасалып отыр.
Жастардың сапалы білім алуына ерекше мән берілуде. Мемлекеттік гранттар саны
артып, шетелдік үздік университеттермен әріптестік күшейіп келеді. «Президенттік
жастар кадр резерві» сияқты бастамалар білімді де білікті жастарға үлкен мүмкіндік
беріп отыр.
Еңбек нарығында жастарға арналып түрлі бағдарламалар іске асуда.
«Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары арқылы түлектер тәжірибе жинап, тұрақты жұмысқа орналасуда. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті қолдау аясында жастарға жеңілдетілген несие, гранттар ұсынылуда.
Жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру үшін волонтерлік қозғалыс кеңейіп келеді. Қоғамға пайдалы істер атқарып, өз ортасында көшбасшы болуға мүмкіндік бар. Бұл – патриотизмді іс жүзінде көрсетудің бір жолы.
Спорттық инфрақұрылым дамып, жастардың денсаулығын нығайтуға жағдай жасалуда. Шығармашыл жастарға да мемлекет тарапынан қолдау бар: түрлі байқаулар, гранттар, мәдени жобалар жүзеге асырылып келеді.
Жастардың алдында үлкен мүмкіндіктер мен кең өріс тұр. Ең бастысы – сол мүмкіндікті тиімді пайдалана білу. Бүгінгі жасампаздық пен жаңашылдыққа ұмтылған жастар – ертеңгі Қазақстанның табысты келбеті. Жезқазған қаласының Жастар ресурстық орталығы

Басқа жаңалықтар

Back to top button