Новости

(Қазақша) 🔹 99,6% – Ұлытау облысы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағында ҮЗДІК КӨРСЕТКІШКЕ ИЕ!

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Бүгін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын сапалы өткізу мақсатында өңірлік комиссия отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Ә.С. Шәуенова қатысты.

Комиссия отырысында облыстағы санақ жұмыстарының барысы баяндалды. Ә.С. Шәуенова өз сөзінде:

«Өңір онлайн форматтағы қамту бойынша жоғары деңгей көрсетті – ұйымдастырылған шаруашылықтар арасында 99,6%, ал жеке және қосалқы шаруашылықтар арасында 48,2%. Бұл республика бойынша ең үздік көрсеткіштердің бірі,» – деп атап өтті.

Санақ жұмыстарының тиімді жүргізілуі үшін облыс әкімдігі тарапынан бірқатар қолдау шаралары іске асырылуда:

• ауылдық округ әкімдіктерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жасақталып, интернетке қосылған компьютерлер қойылды;

• тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында билбордтар, баннерлер, әлеуметтік желілерде бейнероликтер мен жазбалар жарияланды;

• қала және аудан әкімдіктері елді мекендерді аралау үшін автокөліктермен қамтамасыз етті;

• кейбір аудандарда демеушілердің қолдауымен интервьюерлерге қосымша еңбекақы төленді;

• Жезқазған қаласы бойынша интервьюерлерге тегін жол жүруге мүмкіндік беретін құжаттар дайындалды;

• әкімдіктер тарапынан қосымша жұмыс күші тартылды;

• елді мекендердің картографиялық материалдары дайындалып, бекітілді.

Айта кету керек, жеке қосалқы шаруашылықтар бойынша Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданы толық аяқталды. Бұл көрсеткіш өңірдің санақты ұйымдастырудағы жоғары деңгейін айқындайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button