ГлавноеНовостиОбществоСпорт
Trending

(Қазақша) Салауатты ұрпақ – болашақ кепілі

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Мектептегі сыныптан тыс секциялар мен спорт жұмыстарын ұйымдастыру.

Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. «Дені саудың – тәні сау» деп көне Рим ойшылы Юневал айтпақшы, әр адам өз денсаулығының кепілі. Сондықтан өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтының қағидаларын құлаққа сіңіре берсе, оларды сол жолға тәрбиелейтін іс-әрекеттерді басты назарда ұстаса, берер нәтижесі де оңды болады. Қай қоғамға болсын дені сау, жігерлі де ширақ, білімді де салауатты ұрпақ, жан-жақты шыныққан азамат қажет. Ал дені сау, ширақ та шыныққан ұрпақ тәрбиелеудің бір ұшығы әрбір мектептегі дене тәрбиесі пәні мұғалімінің қолында екені сөзсіз. Ал спортпен шұғылдануды тек сабақ процесінде ғана жүзеге асырып қана қоймай, сыныптан тыс мезгілде де іске асыру дене тәрбиесі пәні мұғалімінің міндеті.

• баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу;

• ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу;

• балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру;

• қозғалыс дағдысын тәрбиелеу болып табылады.

Дене шынықтыру пәні бойынша сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруды төмендегі бағыттар бойынша жүргізуге болады:

Спорттық секциялар: волейбол, баскетбол, футбол, бокс, шахмат, тоғызқұмалақ, сахна өнері, дебат, робототехника, вокал т.б.

Дене тәрбиесі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу арнайы жоспар, бағдарлама бойынша іске асырылады.

 

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің
«№12 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Басқа жаңалықтар

Back to top button