Жаңалықтар

Қаражалда Президент Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды

Қаражал қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын өңірлік деңгейде жүзеге асыруға арналған маңызды жиын өтті.

 

Шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев арнайы қатысып, өңір жұртшылығымен кездесті. Сонымен қатар жиынға Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаев, қалалық әкімдік қызметкерлері, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері мен жергілікті қауымдастық қатысушылар қатысты.

 

Жиынды қала әкімі Айқын Елеусізов ашып, Президент Жолдауы аймақтар үшін стратегиялық бағдар екенін атап өтті. Ал Жәйрем кентінің әкімі Қайрат Жансагимов әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен болашақ жоспарларға тоқталды.

 

Ақпараттық қолдау мәселесі бойынша «Қазыналы өңір» газетінің директоры Жалғасқан Құрмансейітов сөз сөйлеп, азаматтық қоғам белсенділігін арттырудың және халықты ақпараттандырудың маңызына назар аударды.

 

Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев өз кезегінде Жолдауда белгіленген негізгі басымдықтарды түсіндіріп, әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып даму жолын айқындаудың маңызын атап өтті.

 

Бұл кездесу Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінің әлеуметтік дамуына серпін беріп, Жолдау аясындағы нақты шараларды үйлестіруге жаңа мүмкіндіктер ашты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button