НовостиОбщество
Trending

(Қазақша) Облыс әкімі ардагер ұстаздың үйіне барып, кәсіби мерекемен құттықтады

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұстаздар күніне орай саналы ғұмырын өңірдің білім саласын дамытып, шәкірт тәрбиелеуге арнаған Айгүл Абдулдинаның үйіне барды. Ардагер ұстазды кәсіби мерекемен құттықтап, сыйлық табыс етті.

«Айгүл Капиратқызы, өзіңіздің ұстаздық жолдағы еңбегіңіз ерен, тәжірибеңіз мол. Қаншама жыл ел болашағын ту еткен өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындаттыңыз. Оның ішінде 18 жыл бойы Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатын басқарып, мұғалімдер мен оқушыларға қамқорлығыңызды танытып, темірқазықтай жол сілтедіңіз. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға береке тілеймін!», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Айгүл Абдулдинаның білім саласындағы ерен еңбегі еленіп, 2015 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2017 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. 2021 жылы зейнеткерлікке шықты.

Өз сөзінде ол арнайы құттықтай келген аймақ басшысына шынайы ризашылығын жеткізді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button