
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековпен кездесті.
Кездесу барысында өңірдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Аймақ басшысы Ұлттық ұланның облыс тұрғындарының тыныштығын қорғаудағы және құқықтық тәртіпті нығайтудағы еңбегіне жоғары баға беріп, алғысын білдірді.
Өз кезегінде Аңсаған Балтабеков Ұлттық ұлан бөлімшелерінің өңірдегі қызметін одан әрі жетілдіру бағытындағы жоспарларымен бөлісті.



