Саясат
Trending

ШҚО-да еңбек заңнамасына қызығушылық артып келеді

Шығыс Қазақстан облысында еңбек құқықтарын қорғауға сұраныс өсіп отыр. 2025 жылдың алғашқы 9 айында Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне 1285 өтініш келіп түсті – бұл өткен жылмен салыстырғанда  13%-ға көп.

Өтініштердің 1231-і еңбек қатынастарына, 49-ы еңбек қауіпсіздігіне, 4-і жұмыспен қамту мәселесіне қатысты. 340 өтініш бойынша әкімшілік шешім қабылданып, олардың 68%-ы жұмысшылардың пайдасына шешілді.

265 тексеру жүргізіліп, 313 заңбұзушылық анықталды. 28,2 млн теңгеге айыппұл салынып, 16,9 млн теңгесі өндірілді. Өндірістік жарақаттану деректері алаңдатарлық: 89 адам зардап шегіп, оның 9-ы қаза тапты, 51-і ауыр жарақат алды. Жалақы қарызы 202,51 млн теңгеге жетті. Бұл қарыз 5 кәсіпорында тіркелген, оның ішінде 3-уі жұмыс істеп тұр, 2-еуі – банкроттық және оңалту сатысында.

Цифрландыру үдерісі қарқынды жүруде: 188 мыңнан астам жұмысшының 91%-ы еңбек шарттарымен қамтылған; 14 мыңнан астам кәсіпорын жүйеге қосылған; 569 кәсіпорынның ұжымдық шарттары цифрландырылған; 573 мекеме HR-enbek.kz жүйесіне штаттық кестесін енгізген.

Жыл басынан бері 600-ден астам адамға еңбек қатынастары бойынша кеңес берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button