Общество
Trending

(Қазақша) Ең қатаң шаралар қабылданады

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізу барысында Зайсан ауданындағы ауыл әкімі түсірілген, бейәдеп сөздер қолданылған бейнежазба анықталды.

Осыған байланысты ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етілді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бұл материалдарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолдады. Онда қызметтік әдеп нормаларының бұзылу мәселесі қаралады.

Мұндай әрекеттерге жол берілмеуі тиіс.

Облыс басшылығы былапыт сөз қолдануға, әдепсіз қылық танытуға түбегейлі қарсы. Осы ретте, этикалық нормаларды бұзған мемлекеттік қызметшілерге қатаң жаза қолданылатынын ескертеміз.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button