Новости

(Қазақша) Ұлытау облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жүзеге асырылу барысы туралы

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

 

Ұлытау облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі тиімді жүзеге асырылып, өңір халқын қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті

2025 жылы облыс бойынша медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемі 25,1 млрд теңгені құрады.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір өсім бар екенін көрсетеді: паллиативтік көмекке бөлінген қаржы 48%-ға, ал амбулаториялық жағдайда көрсетілетін консультативтік-диагностикалық көмекке арналған қаржы 12%-ғаартты.

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыста 212 784 тұрғын тіркелген.
МӘМС қорының Ұлытау облысы бойынша филиалы 34 медициналық ұйыммен шарт жасасты, оның ішінде 13-і мемлекеттік (38%), 21-і жеке меншік (62%).
Олар стационарлық, амбулаториялық, стоматологиялық және әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша медициналық көмек көрсетеді.

Оңалту және қайта қалпына келтіру қызметтері

МӘМС жүйесін енгізу облыста оңалту қызметтерін дамытуға жаңа серпін берді.
2025 жылдың 9 айында оңалту бағытында 564,3 млн теңгеге 80 545 қызмет көрсетілді.
Тек бірінші тоқсанда 612 адам оңалтудан өтіп, бұл қызметтерге 175,7 млн теңге жұмсалды.

Бүгінде облыста кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық және жалпы оңалту бағыттары бойынша 4 медициналық ұйым жұмыс істейді. Өткен жылы осы мекемелер 40 мыңға жуық оңалту қызметін көрсетті.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтер

Жезқазған қалалық медициналық орталығы өңірде жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытуда көш бастап келеді.
2025 жылы мұнда 401 коронароангиография жасалып, оның 222-сі өткір миокард инфарктісімен тіркелген науқастарға жүргізілді. Сонымен қатар, 11 коронарлық артерияны шунттау операциясы орындалды.

Бір операцияның орташа құны 1,5 млн теңге шамасында.
Жалпы 2025 жылы орталықта 2707 хирургиялық және ортопедиялық операция, оның ішінде 139-ы травматологиялық-ортопедиялық көмек шеңберінде жасалды.

Жыл басынан бері 56 тұрғынның тізе және жамбас буындары МӘМС шеңберінде ауыстырылды.
Сондай-ақ, кардиовертер-дефибриллятор орнату сияқты күрделі жоғары технологиялық операциялар қолға алынды.
Бұл мақсатқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 43 млн теңгеден астам қаржы бөлді.

МӘМС жүйесіндегі жаңа өзгерістер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауына сәйкес, медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа көмек көрсетудің жаңа тетіктері енгізілуде.
Енді әлеуметтік әл-ауқаты төмен, дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы (D және Е деңгейі) азаматтар үшін МӘМС жарналарын жергілікті атқарушы органдар төлейтін болады.
Сондай-ақ, ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендер де сақтандыру жүйесіне жергілікті бюджет есебінен қамтылады.

Қазіргі таңда облыста 195 907 адам немесе халықтың 88%-ы сақтандырылған.
Алайда 25 455 азаматтың сақтандыру мәртебесі жоқ, оның ішінде 6 мыңнан астамы әлеуметтік осал топқа жатады.

2026 жылғы қаңтардан бастап жарналар мен аударымдардың есептеу шегі жаңартылады:

  • жұмыс берушілер үшін — 40 ЕТЖ-дан аспайтын,
  • қызметкерлер үшін — 20 ЕТЖ-дан аспайтын мөлшерден ұсталады.

2025 жылдың қыркүйегінен бастап онкоскринингтер ТМККК тізіміне енгізіліп, барлық азаматтарға сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін қолжетімді болды.

Қаржыландыру тетіктеріндегі жаңа тәртіп

2025 жылғы 1 қазаннан бастап МӘМС аясында қызмет көрсететін медициналық ұйымдарға төлем жүргізу тәртібі жаңартылды.
Егер тіркелген азамат жыл бойы медициналық көмек алмаса, онда тиісті мекемеге төлем жыл соңында кешенді жан басына шаққандағы нормативтің 80% мөлшерінде жүргізіледі.
Ал сақтандырылмаған тұлғалар үшін бұл төлем 90% мөлшерінде жүзеге асырылады.

Бұл өзгерістер алғашқы медициналық көмек ұйымдарының шығындарын өтеуге және әділ қаржыландыру тетігін сақтауға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button