Новости

(Қазақша) Google-дың аңыз ғалымы Питер Норвиг: «Қазақстан мұнайдан — ЖИ өтетін ең батыл трансформация жасап жатыр»

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

 

Жасанды интеллект әлеміндегі ең беделді тұлғалардың бірі, әйгілі Google Research-тің бұрынғы директоры, әлемдегі №1 AI оқулығы «Artificial Intelligence: A Modern Approach» авторларының бірі Питер Норвиг Қазақстанның жоғары білім, ғылым және технология бағытындағы реформаларын жоғары бағалады.

Ол бұл пікірін Кай-Фу Лидің шақыруымен Қазақстан Президенті жанындағы ЖИ дамыту кеңесіне қатысқаннан кейін айтты.

Питер Норвигтің айтуынша:

* Қазақстан – мұнайлы ел, бірақ экономикасын ИИ бағытына батыл бұрып отырған мемлекет.

* Елдің демографиясы жас, жастар технологияға қатты қызығады.

* Білімге ерекше көңіл бөлінген: қазір елде 30-ға жуық шетелдік университет филиалдары жұмыс істейді.

* Қазақстан иммиграция шектеулерін дұрыс пайдаланып, шетелдік студенттерді көп тартып жатыр, өз студенттерін де халықаралық деңгейде оқытуда.

* Startup экожүйесі венчурлық капиталға емес, мемлекеттік гранттарға сүйенеді — бұл ерекше модель, бірақ нақты нәтиже беріп жатыр.

* Елде алғашқы «единорогтар» пайда болды.

Ең маңыздысы — Үкімет ұзақ мерзімді, байыпты курсты ұстанып отырғанына қоғамды сендіре алған.

Норвигтің айтуынша, Қазақстан билігінің айқын бағыты, тұрақты саясаты және технологияға салған инвестициясы елдегі инновациялық экожүйенің жылдам өсуіне жағдай жасап жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button