«Заң және тәртіп» жобасы аясында Техникалық-экономикалық колледж базасында «Есірткі және заң: жастардың жауапкершілігі, қауіптері және қорғану жолдары» тақырыбында диалогтық алаң өтті.

Іс-шараның мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен студенттер арасында есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алу мәселелерін талқылау.
Спикерлер ретінде:
ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №73 мекемесінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мыңғатов А.А.;
ШҚО ЭТД-нің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Мұзтаувов Ж.Б.;
ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Қалиакбаров М.М.;
Психолог-нарколог Ширширкова К.Г. қатысып, баяндама жасады.
Кездесу барысында мамандар Қазақстан Республикасының есірткі құралдарына байланысты заңсыз әрекеттер үшін көзделген жауапкершілік жөніндегі негізгі заң нормаларын түсіндірді. Спикерлер жастардың уақытында ақпарат алуы құқықтық салдары ауыр болуы мүмкін қателіктердің алдын алуға көмектесетінін ерекше атап өтті.
Негізгі назар төмендегі мәселелерге аударылды:
интернет арқылы жастарды құқыққа қайшы схемаларға тарту қаупі;
жеке қауіпсіздіктің маңыздылығы және күмәнді жағдайларды танып білу дағдылары;
жауапты шешімдер қабылдау қабілетін қалыптастыру;
күмәнді ұсыныстар немесе жағдайлар туындаған кезде педагогтарға, мамандарға және құқық қорғау органдарына жүгінудің қажеттілігі.
Психолог-нарколог оқу ортасындағы психологиялық тұрақтылықтың, стресс менеджменттің және өзара қолдаудың қауіптің алдын алудағы рөлін ерекше атап өтті.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, өмірлік жағдайларды талқылап, құқықтық және жеке қауіптерден сақтануға арналған практикалық кеңестер алды.
Мұндай кездесулер жастардың саналы және әлеуметтік жауапты тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етіп, білім беру ұйымдары мен құқық қорғау құрылымдарының құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы өзара ынтымақтастығын нығайтады.
#ЗаңжәнеТәртіп #ЗакониПорядок



