Новости
(Қазақша) Ұлытау облысында ауыз су, жылу және электр жүйелеріне ірі инвестициялар салынды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңір халын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бірнеше жобалар жүзеге асырылуда.
•Айдос кен орны жерасты суларының құрылысын реконструкциялау – 1,8 млрд теңге (жобаның жалпы құны 6,3 млрд теңге).
•Есқұла кен орны су құрылысын жаңарту – 1,2 млрд теңге (жобаның жалпы құны 4,8 млрд теңге).
•Жезқазғанның ауыз су тазарту ғимараттарын жаңғырту – 6,2 млрд теңге (жобалардың жалпы құны 22,2 млрд теңге).
Жұмыс нәтижесінде Сәтбаев қаласы мен Жезді ауылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді, ал жақында Кеңгір елді мекені де қосылды.
Жылу қамтамасыз ету
2025 жылы 47,8 км жылу желілері жөнделді, оның ішінде Жезқазғанда – 19,6 км. Желілердің тозуы 60%-дан 56,1%-ға төмендеді. Қалалық орталықта жылу маусымы штаттық режимде басталды: 6 қазандық және 5 турбоагрегат іске қосылды. Сонымен қатар, Сатпаев қаласында 2,4 км жылу желілері жаңартылды (2 млрд теңге).
Электр желілері
2025 жылы 819 км электр желілері мен 272 бірлік электр жабдығы жаңғыртылды, оның ішінде Жезқазғанда 703 км желі мен 169 қосалқы станция жөнделді.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жаңаарқа ауданында 271 км электр желісі ауыстырылды, жалпы 2,9 млрд теңге бөлінді. 2024 жылдан бері бағдарлама бойынша 46,2 км электр желісі салынды.



