inDrive.Қалааралық сапарлардың қауіпсіздігін арттырады

inDrive, жаһандық көлік және қала қызметтері платформасы қалааралық сапарлар қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған жаңартуларды енгізді. Платформа жүргізушілерге рұқсат етілген жылдамдықты асқаны туралы автоматты түрде хабарлайды және 9 сағаттық жұмыс шегіне жету туралы ескерту арқылы үздіксіз жүргізу ұзақтығын бақылайды.
Жаңа мүмкіндіктер жүргізушілер мен жолаушылар үшін қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Жылдамдықты бақылау жүйесі нақты уақытта жұмыс істейді және жол шектеулері туралы өзекті деректерді пайдаланады. Егер жүргізуші белгіленген жылдамдық шегінен 10 км/сағ асып кетсе, қосымша автоматты түрде оған жылдамдық режимін сақтау қажеттілігі туралы хабарлама жібереді. Егер жылдамдықтың жоғарылауы қысқа болса, жүйе жағдайды ескереді және артық хабарландырулар жібермейді. Алайда, рұқсат етілген жылдамдықты асып тұрақты қозғалу кезінде платформа дыбыстық сигнал береді немесе қолданба ішінде де, смартфон экранында да визуалды ескерту жібереді.
Сондай-ақ inDrive.Қалааралық жүргізушінің көлік жүргізу уақытын реттейді. Платформа сапардың басталуын және оның ұзақтығын бақылайды. Жүргізуші шаршау шегіне жақындаған кезде алдын ала алғашқы ескерту алады. Егер сапар тоқтаусыз жалғаса берсе және көлік жүргізу шегіне жақындаса, қолданба қайта ескерту жібереді және үзіліс жасауды ұсынады.
«Қауіпсіздік – inDrive-тың басымдығы. Біз қалааралық сапарлар мүмкіндігінше қауіпсіз болатын жағдайларды жасауға тырысамыз. Жаңа құралдар жүргізушілердің зейінін сақтауға және жолдағы қиын жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Біз бұл шешімдер апаттық жағдайлардың санын азайтуға және сапарларды тыныш әрі болжамды етуге көмектеседі деп сенеміз», — деді Қазақстандағы inDrive бизнес басшысы Арай Бекембаев.
Жаңартылған функционал Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің талаптарына сәйкес әзірленді және платформаның барлық пайдаланушыларына қолжетімді. Әзірлеушілер хабарландырулар жүргізушіге қосымша тәуекелдер тудыртпай, алаңдатпайтындай етіп, сонымен қатар мұқият хабардар ету және жауапкершілікпен жүргізуді ынталандыру мақсатында жасалғанын атап өтеді.
«Біз ҚР Көлік министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар сияқты сыртқы серіктестермен, сондай-ақ ішкі техникалық әзірлеу деңгейінде де тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз.», — деп атап өтті Арай Бекембаев.
Айта кетейік, шілде айында, inDrive.Қалааралық және “Қазавтожол” жол инфрақұрылымының ұлттық операторы Қазақстан бойынша Республикалық маңызы бар жолдардағы шектеулер туралы жүргізушілерді нақты уақытта хабардар етуге бағытталған бірлескен жобаны іске қосты. inDrive.Қалааралық пайдаланушылары енді жолдардың жабық учаскелері туралы автоматты ескертулер алады. Шектеулер жөндеу жұмыстарына, қолайсыз ауа райына немесе басқа да жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Бұл жүргізушілерге сапарларын тиімді әрі қауіпсіз жоспарлауға мүмкіндік береді.
Компания туралы:
inDrive – көлік және қалалық қызметтердің жаһандық платформасы. inDrive қосымшасы 360 миллионнан астам рет жүктелген және үшінші жыл қатарынан әлемдегі ең көп жүктелген қосымшалардың ішінде екінші орында тұр. Қалалық сапардан басқа, inDrive қалааралық тасымалдау, жеткізу және қаржылық қызметтерді қамтитын қызметтердің толығып келе жатқан тізімін ұсынады. 2023 жылы inDrive венчурлық және M&A бөлімшесі – New Ventures-ті іске қосты.
inDrive 48 елдің 1065-тен астам қаласында жұмыс істейді. Әділетсіздікпен күресу миссиясын ұстана отырып, компания 2030 жылға қарай бір миллиард адамның өміріне оң әсер етуге ұмтылады. Ол бұл мақсатқа жергілікті қоғамдастықтарды әділ баға қою моделі арқылы қолдайтын негізгі қызметі, сондай-ақ ықпал ету бағдарламаларының жұмысы арқылы жетуді көздейді.
Қосымша ақпарат: www.inDrive.com



