Жаңалықтар

КЕЛІНТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе ауылындаоблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, «ҚазАтомӨнеркәсіп» акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков, зиялы қауым өкілдері мен ел ағаларының қатысуымен жаңа спорт кешенінің ашылу рәсімі өтті.

Рәсімде аймақ басшысы бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды жаңа кешеннің ашылуымен құттықтады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ауыл – біздің алтын бесігіміз. Ауылдағы тіршілік сапасын жақсартпай, жалпыұлттық дамуды елестету мүмкін емес» деген болатын.

Президентіміздің аймақтардың әлеуетін арттыру, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, оларды елдегі саяси-экономикалық процестерге белсене қатыстыру жөніндегі бастамалары стратегиялық маңызға ие.

Өңірде тұрғындардың бұқаралық, кәсіби спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалуда. 2022 жылдан бері 23 спорт нысаны салынды. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында тағы 4 спорт кешені табысталады.

Бүгін «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 393 млн. теңгеге бой көтерген дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне айналады. Ғимаратты сапалы салып, мерзімінде аяқтаған құрылысшыларымызға алғыс білдіреміз.

Жаңа нысан дені сау ұлт қалыптастыруғақызмет етіп, осы жерден еліміздің көк туын әлемдік ареналарда желбірететін чемпиондар шығады деп сенеміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Рәсімде ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен мердігер мекеме құрылысшылары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент депутаттары Наурызбай Байқадамов, Қазыбек Иса құттықтау сөз сөйледі.

 

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button