(Қазақша) 2025–2026 жылдардағы жылыту кезеңінде Жезқазған қаласында өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді

Жылыту кезеңі – жылдың ең өрт қауіпті кезеңдерінің бірі. Температураның төмендеуіне байланысты жылу жүйелеріне, электр желілеріне түсетін жүктеме артып, автономды жылыту құрылғыларын пайдалану жиілейді. Осыған орай Жезқазған қаласының аумағында жылыту маусымының өту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда.
2025–2026 жылдардағы жылыту кезеңі басталғалы бері Жезқазған қаласында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғын үй секторында орын алған 12 өртті жойды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелген жоқ.
Өрттердің негізгі себептері:
· электр сымдары мен электр жабдықтарының ақаулығы;
· тұрмыстық электр құралдарын пайдалану ережелерін бұзу;
· пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау;
· отпен абайсыз жұмыс істеу.
Өрттің алдын алу мақсатында Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Аталған жұмыстарға «Бірлік» еріктілері, «Жастар Рухы» жастар қанаты, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және полиция қызметкерлері белсенді қатысуда.
Жылыту кезеңі басталғалы:
· 887 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды;
· 2642 азаматқа өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық берілді;
· 1723 өртке қарсы жадынама таратылды.
Сонымен қатар пешпен жылытылатын көпбалалы, аз қамтылған және әлеуметтік осал отбасылардың 33 жеке тұрғын үйіне дербес датчиктер орнатылды. Оның ішінде 10 көміртегі тотығын анықтайтын және 23 түтін датчигі бар.
Бұдан бөлек, азаматтық қорғау органдары әлеуметтік желілерде профилактикалық бейнероликтерді тұрақты түрде жариялап, тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру бағытында ақпараттық жұмыстар жүргізуде.
Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Өрт қауіпсіздігі – әр азаматтың өмірі мен денсаулығына тікелей байланысты ортақ жауапкершілік. Тек сақтық пен талаптарды орындау арқылы ғана қауіптің алдын алуға болады.
Өрт орын алған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!



