Новости

(Қазақша) ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ҚҰРЫЛДЫ

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Бүгін Ұлытау облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция жұмысын бастады. Бұл – конституциялық реформаларды халыққа кеңінен түсіндіруге бағытталған жүйелі жұмыстың кезекті әрі маңызды кезеңі. Ұлытау облысының өңірлік коалициясының құрамына бес саяси партияның, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының, ардагерлер кеңесінің, өңірдің негізгі қоғамдық күштерінің өкілдері кірді.

Өңірлік коалицияның ашылуына Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы, облыстық Коалиция төрағасы, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия мүшесі Бауыржан Шыңғысов, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары, өңірлік коалиция төрағасының орынбасары Зина Ақылбекова, партия төрағалары мен коалиция мүшелері қатысты. Алғашқы сөз сөйлеген Бауыржан Шыңғысов Конституциялық реформа жөніндегі кеңестің 12 отырысы өткендігін, 10 мыңнан астам өтініш келіп түскендігі жайында айтып өтті:

«Құрметті әріптестер, кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Жалпыұлттық Коалиция Жетекшісі Ерлан Қошанов үлкен жиын өткізді. Онда барлық саяси партия өкілдері ортақ іске бірігуге қарсы еместіктерін айтып, коалиция құрылды. Бүгін біз облыстық коалицияны ашып отырмыз. Құрамында 50 адам бар, 1 ай көлемінде 400-ге жуық түсіндірме жұмыстарын өткіземіз»

Сондай-ақ, «Ауыл» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Абзал Жиенбаев, «Ақ жол» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Әлібек Исин, «Қазақстан Халық партиясы» Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Оразалы Бақырбаев бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді. Модератор, «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Мырзабеков бір айға созылатын түсіндірме жұмыстарынының жоспарымен бөлісті.

Өңірлік коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасы мемлекеттің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға, кәсіпкерлікті қолдауға, ғылымды, мәдениетті және ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарға толық сәйкес келетінін атап өтті. Ұсынылып отырған өзгерістер азаматтардың әл-әуқатын арттыруға бағдарланған мемлекеттік институттардың неғұрлым тұрақты әрі тиімді моделін қалыптастыратыны баса айтылды.

Жуырда Коалиция мүшелері өңірлерде түсіндіру жұмысын бастайды. 15-наурызға белгіленген референдум қарсаңында ашық диалог пен азаматтардың саналы түрде қатысуын қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұжымдарымен, сарапшылар қауымымен және тұрғындармен кездесу өткізу жоспарланып отыр. Соның ішінде шалғай елді мекендер де назардан тыс қалмайды. Себебі әрбір қазақстандық азаматтың дауысы аса маңызды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button