Новости
(Қазақша) Жастар ұсыныстары: Конституция қандай болуы керек?

Бүгін жастар арасында «Жастар ұсыныстары: Конституция қандай болуы керек?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – жастардың ел болашағына қатысты ой-пікірлерін тыңдау, азаматтық белсенділікті арттыру және Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Іс-шара барысында қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, әділ қоғам қалыптастыру және ел дамуына бағытталған бастамалар жөнінде пікір алмасты. Ашық форматта өткен жиын еркін талқылау алаңына айналып, жастар өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік алды.
Осындай кездесулер жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жол ашып, ел дамуына жауапкершілікпен қарауға үндейді.



