Жаңалықтар

Қаражал қаласында Конституцияның жаңа жобасын талқылау бойынша маңызды жиын өтті. 

Қаражал қаласында Конституцияның жаңа жобасын талқылау мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-де өткен жиында Конституциялық реформа мен алдағы референдумның құқықтық негіздері мен маңызы кеңінен талқыланды. Ақпараттық түсіндіру тобы жаңартылған Конституцияның азаматтардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін нығайтуға және елдің тұрақты дамуына ықпал ететінін жеткізді. Жиын барысында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық диалог алаңы қоғам мен қатысушылар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға мүмкіндік берді. Бұл шара Конституциялық реформа мен референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button