Новости

(Қазақша) 🔷Ақпараттық агенттік жүргізген сауалнама барысында заң бұзушылық анықталды

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

🔷Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты «Журналистская инициатива» ЖШС-не қатысты ӘҚБтК-нің 120-бабының 3-бөлігімен (Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу) істі қарады.

 

🔷2026 жылғы 11 ақпанда «Уральская неделя» («Журналистік бастама») басылымының Telegram-арнасында 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша референдум өткізуге қатысты қоғамдық пікір сауалнамасы жарияланды.

 

🔷Істің мән-жайы

 

🔷2026 жылғы 11 ақпанда «Уральская неделя» «Журналистская инициатива»ЖШС) Telegram-арнасында 2026 жылғы 15 наурызға жоспарланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша референдум өткізуге қатысты қоғамдық пікір сауалнамасы жарияланды.

 

🔷«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағына сәйкес қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Орталық сайлау комиссиясын алдын ала жазбаша хабардар еткен жағдайда, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуге құқылы.

 

🔷Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкімшілік және өзге де жауапкершілікке әкеп соғады.

 

🔷Бұл талаптар референдумды дайындау және өткізу кезінде ашықтықты, сенімділікті және тең жағдайды қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың сайлау құқықтарын қорғауға бағытталған.

 

🔷Сот сауалнаманың жариялануы заң талаптарына сай емес деп тапты. ЖШС-ның кінәсі іс материалдарымен, оның ішінде әкімшілік іс қозғау туралы қаулымен және жарияланған басылымның скриншоттарымен расталады.

 

🔷Сот шешімі

 

🔷ӘҚБтК-нің 120-бабының 3-бөлігі бойынша айыппұл салу заңды тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.

 

🔷Сот қаулысымен «Журналистская инициатива» ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 120-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 129 750 теңге (30 АЕК) айыппұл салынды.

 

🔷Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button