Жаңалықтар

«Ақсақалдар аманаты»

Жаңа Конституция аясындағы алдағы референдумға байланысты Қарсақбай кентінде ауыл ақсақалы Әзімбай атамен тағылымды әрі сүбелі сұхбат өтті. Кездесу барысында ауыл жастары ел болашағына қатысты өздерін толғандырған сауалдарын қойып, маңызды қоғамдық-саяси үдерістер төңірегінде ашық пікір алмасты.

 

Әзімбай ата өз сөзінде ел бірлігін сақтау, тұрақтылық пен әділетті қоғам қалыптастыру жолында әрбір азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, жастардың қоғамдық өмірге бейжай қарамай, саналы түрде таңдау жасауы – мемлекеттің ертеңіне қосқан нақты үлесі екенін жеткізді.

 

Ақсақал ұрпақ сабақтастығының маңыздылығына тоқталып, тәуелсіздіктің қадірін білуге, елдік мүддені бәрінен биік қоюға шақырды. Кездесу соңында Әзімбай ата ауыл жастарына ақ батасын беріп, алдағы референдумда дұрыс әрі жауапты шешім қабылдауға үндеді.

 

✅ Ел болашағы үшін таңдау жасау — әр азаматтың парызы!

Ақсақалдар аманаты – жастарға бағытталған рухани бағдар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button