Жаңалықтар

«Желілік Конституция: өзгерістер жастарға не береді?» тақырыбында Жезқазған жоғары политехникалық колледжі студенттерімен ашық талқы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастарға Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіру, олардың қоғамдағы рөлі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру. Кездесу барысында қатысушылар елдегі саяси реформалардың негізгі бағыттары, адам құқықтарын қорғау тетіктерінің күшеюі және жастарға берілетін жаңа мүмкіндіктер туралы пікір алмасты.

 

Студенттер өз ойларын еркін білдіріп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Ашық диалог форматында өткен талқы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдық-саяси үдерістерге бейжай қарамауға үндеді.

 

Шара соңында жастар белсенді азаматтық ұстаным танытып, еліміздің болашағы үшін жауапкершілікті сезіну маңызды екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button