Новости

(Қазақша) «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Қаражал қалалық коалиция мүшелері ҚР жаңа Конституция жобасын халыққа кеңінен түсіндіру бойынша Қаражал – Жәйрем аумағында кездесулерін жалғастырып келеді. 

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

2026 жылғы 24 ақпан күні бекітілген республикалық Желілі кестеге сәйкес, Қаражал қалалық коалиция қала төңрегінде 2 кездесу өткізді. Біріншісі — Қаражал қалалық полиция бөлімінің жеке құрамымен өтті. «ӨРКЕН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «ӨРКЕН-АТАСУ» өкілдігінің ұжымымен Қаражал қалалық коалиция төрағасы — «AMANAT» партиясы Қаражал қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлмира Исина, коалиция құрамындағы мәслихат депутаттары – Айгүл Мауленина мен Жалғасқан Құрмансейітов кездесті.

Ауқымды кездесуде коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы жан-жақты ақпарат беріп, олардың ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Кездесу барысында көтерілетін сұрақтарға жауап беріліп, жиынға қатысушылар ой-пікірлерін білдірді.

Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу, маңызды құжаттың мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button