Новости

(Қазақша) “Қазақстан Республикасында Конституциялық реформалардың қоғам дамуына әсері” тақырыбында волонтерлар арасында дөңгелек үстел өтті.

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған реформалардың маңызын түсіндіру және жастардың азаматтық белсенділігін арттыру болды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, әділетті қоғам қалыптастыруға және халықтың шешім қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, реформалардың ашықтық пен есеп берушілікті арттырудағы рөлі талқыланды.

Волонтерлар өз пікірлерімен бөлісіп, Конституциялық реформалардың әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтық қоғам институттарын дамытуға оң әсерін жеткізді. Іс-шара соңында қатысушылар құқықтық мәдениетті арттыру бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар білдірді.

Аталған дөңгелек үстел жастардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттырып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға белсенді қатысуына серпін берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button